Қызылордада "Әділет кеңес береді" акциясы өтті

Аймақ
28.03.2016, 18:47

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы әділет басқармасымен бірлесіп,  респбуликалық «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. 

Аталмыш акция қала маңындағы 4 мыңға жуық тұрғыны бар  Белкөл кентінде ұйымдастырылды. Әділет саласы өкілдерімен болған ашық есік күнінде тұрғындар жерлер мен мүліктерді заңдастыру, әлимент өндіру, жеке нотариустар қызметтеріне байланысты өз көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, заң аясында кеңестер алды.

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің  меңгерушісі Шәріп Әбдірахманов партияның бұл акцияны ұйымдастырудағы негізі мақсат-міндеттерін тұрғындарға жеткізіп, қойылған сауалдардың барлығы ескеріліп, мәселердің заң аясында барынша шешімін табатынына партия тарапынан бақылаудың болатынын айтып өтті.

 Акцияға  жалпы 100 ге жуық тұрғындар  қатысып, мамандар тарапынан  ҚР заңдарына енгізілген өзгерістермен толықтыруларға қатысты ақпарат алды.

 

Сұхбат

PhotoRoom