«Мәдени мұра» жобасы Шымкент шаһарының туристік әлеуетін арттырмақ

Аймақ
06.04.2016, 17:32

Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұралары жөнінде қала тұрғындары арасында қоғамдық пікір қалыптастыру, ежелгі қаланың мәдени мұралары мен олардың жағдайына талдау жүргізу, мәдени және тарихи мұраларын жинақтау және өңдеу қызметі енді белсенді түрде жүзеге аспақ.

5703bf5c1fddc«Мәдени мұра» азаматтық жобасы аясында белгіленген ауқымды міндеттің негізгі мәні мен мақсаты облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар тренингте көпшіліктің талқылауына ұсынылды. Жиынға Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, облыстық мәдениет басқармасының және «Үміт» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Семинар барысында сарапшылар Шымкент қаласының туристік ахуалын айқындайтын ақпараттық-насихаттық бағыттағы таралым материалдарын дайындау және ақпараттық-имидждік, кәде сыйлық өнімдердің жобасын дайындау мәселесіне де айрықша назар аударды.

- Наурыз-желтоқсан айларының аралығын қамтитын «Мәдени мұра» азаматтық жобасы аясында мониторинг жүргізудің құрылымын дайындау, тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және пайдалану, қаладағы тарихи-мәдени мұра нысандарын талдау міндеті атқарылады. Нәтижесінде, мәдени мұраға жататын 25 нысан бойынша арнайы карта дайындалып, нақты бағытта жұмыстар атқарылады, - дейді «Үміт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қарлығаш Есқара.

 «Мәдени мұра» азаматтық жобасы өз кезегінде, қаланың туристік әлеуетін арттыруға, көне сәулеттік және мәдени ескерткіштерін қорғауға алуға, осы арқылы тарихи жәдігерлерді көпшілік арасында кеңінен насихаттап, танымдық ақпарат беруге өзіндік ықпалын тигізбек. Бұл үшін жергілікті бюджет есебінен 2,8 миллион теңге қаржы бөлінген.

Сұхбат

PhotoRoom