Шымкенттегі өзекті мәселелер ортақ кеңес арқылы шешімін таппақ

Аймақ
07.04.2016, 21:31

IMG_5762Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ойын алаңшаларын заман талабына сай жабдықтау, көпшіліктің бұқаралық спортпен  айналысуға арналған нысандар жұмысын басты назарда ұстаған шаһар басшысы Әл-Фараби ауданы әкімдігі активімен кездесті. Кездесу барасында қала әкімі Ғ. Әбдірахымов әр тұрғынның сүйікті қаламыздың дамып, гүлденуі үшін өз үлесін қосуы тиіс екендігін жеткізді.

Мұнан былай әр ай сайын шаһар басшысы қаладағы төрт аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесіп, аудан аумағында тез шешілуі тиіс мәселелер бойынша ортақ кеңес құратын болады.

Құрметті қала тұрғындары осыған орай өз аудандарыңызда түйіні шешілмей келе жатқан мәселелеріңіз болса, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы қала әкімінің блогына хабарласуларыңызға болады.

 

Сұхбат

PhotoRoom