Шымкент әкімі төрт ауданның наурыз айында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады

Аймақ
11.04.2016, 19:30

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімдерінің 2016 жылғы наурыз айында атқарылған жұмыстарымен танысып, есебін тыңдады.

      Атап айтқанда: 

      - Абай ауданы әкімі аппаратында өткен мәжілісте кәсіпкерлікті қолдау, ретсіз саудамен күресудегі нәтиже жөнінде есебін тыңдалып, қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы  ауданындағы ретсіз сауда, заңсыз жарнамаларға қатысты заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдардың өкілдері енгізілген жұмысшы топ құрып, нәтижелі жұмыстар атқаруды тапсырды.

      - Әл-Фараби ауданының аулаларды абаттандыру, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату, ұйымдастыру, ішкі орамдық аулалардағы жарықтандыру жұмыстары туралы есебін тыңдап, аудан аумағындағы спорт алаңшаларын заң шеңберінде әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізу, орналасқан жер телімдерін рәсімдеу қажеттігі жөнінде тапсырма берді.

      - Еңбекші ауданы әкімінің есебінде аудандағы жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу туралы және көше бойындағы заңсыз авто тұрақтармен жұмыс жұргізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Қала әкімі қылмыстардың алдын-алуды жүйелі жолға қою мақсатында арнайы жұмысшы топ құрып, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жұмыс жүргізуді қажеттігін және заңсыз автотұрақтар мен ретсіз сауда нүктелерін жою жолдары қарастырылған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмыс жүргізуді тапсырды.

      - Қаратау ауданының бір айлық есебінде магистральді және ішкі орамдық жолдарының санитарлық тазалық жағдайының мәселелері көтерілді.  Ішкі орам көшелерінің асфальттау жұмыстарын жұмыстарын кестеге сәйкес сапалы аяталуын қамтамасыз етуді және Сайрам ауданынан қосылған елді мекендердегі ретсіз сауда орындарын ретке келтіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

     Алдағы уақытта әр ауданның атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде қала әкімінің алдында ай сайын есебі жалғасын табатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom