Шымкентте 30 500 гектар жерге егін егіледі

Аймақ
13.04.2016, 12:05

e9332f84c464eb577c9a52791a760839_resize_w_1140_h_696Қазір көктемгі егін жұмыстарының қызған кезі. Шаруалар мол өнім жинаудың қамына кіріскен. Биыл Шымкентте 30 500 гектар жерге көкөніс, астық дақылдары егіледі. Қазірдің өзінде 28 400 гектарға егін егу жұмыстары аяқталған. Ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп, баптап, оны өсіру жұмыстарына қалалық шаруаларға 1500 тоннаға жуық тыңайтқыш және 1400 тонна дизель отыны бөлінді, - деп жазады shymkala.kz сайты. Бұның бәрі агроқұрылымдарының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Жәнібек Тоғайдың айтуынша, шаруаларға көмек дер кезінде беріліп жатыр. Тауар өндірушілердің арзандатылған отынға 2016 жылдың 3 наурызынан бастап қолдары жеткен. Жеңілдетілген жанар-жағармай отынының 1 литрі орташа есеппен 84 теңгені құрады. Шаруалар үшін мемлекеттен берілетін субсидия да жұмысты атқаруға бірден-бір көмек екені белгілі. Дегенмен, оны алудың жүйесі өзгеріпті.

– 2016 жылға субсидия беру тәртібі өзгерген. Бұл негізінен көкөніс, бақша дақылдарын егушілер үшін. «Даму» бағдарламасы бойынша шетелден техникалық құралдар алып, инвестициялық жобалар бойынша жұмыс істейтіндерге субсидия беріледі. Демек, бұрынғыдай өнімге емес, бұдан былай ендірген технологиясына қатысты беріледі. Ал асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау бойынша өзгеріс жоқ, – дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары.

Бұл – қазіргі дағдарысқа байланысты шаруаларға тиімді жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. ҚР Үкіметтің қаулысы да өзгеріп тұратыны мәлім. Түптеп келгенде жаңа технологияға арқа сүйеген шаруаларға көмек те тиісінше беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom