Жамбылдықтар дауларды бітімгершілік процедурасы арқылы шешпек

Аймақ
08.06.2016, 22:46

3892Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев дауларды сотқа дейін реттеу енгізу және өзара іс-қимыл бітімгершілік процедурасының жан-жақты дамуы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға қатысты.

Сонымен қатар, меморандумға қол қою рәсіміне облыстық соттың төрағасы Р. Алшынбаев, Қоғамдық Кеңестің төрағасы Ж. Кәрібайұлы, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, БАҚ қызметкерлерінің ассоциациясының жанындағы «Бітімгер» «Құқық және медиация орталығының» директоры Л. Сафонова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Қ. Аралбаева қатысты.

- Медиатор кәсіби жағынан көмек бере алатын, қиын жағдайда азаматтарға жол көрсететін адам. Медиаторлар заңды түрде жанұялық, мұрагерлік, еңбек даулары бойынша, тіпті кейбір қылмыстық істерді шешуге де қатыса алады. Олардың басты міндеттері жан-жалды екі жақта өзара тиімді шешу болып табылады,- деп айтты Кәрім Көкірекбаев.

Бір айта кетерлігі, медиаторлар даулар мен жанжалдарды шешу балама тәсілдерін қолдану саласындағы өзара қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ белсенді насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-шараларды жүргізуге бітімгершілік рәсімдер қолдануда.

Заңгерлердің азаматтар мен ұйымдарға құқықтық қатынастардың субъектілері және заң көмегін көрсетуіне қосылуы үшін меморандум ашық болады.

- Менің ойымша, бұл бұзушылықтардың санын азайтады және халықтың дауласушылық деңгейін төмендетеді, - деді аймақ басшысы.

Комиссия мүшелерінің сөз сөйлегеннен кейін дауларды сотқа дейін реттеу енгізу және өзара іс-қимыл бітімгершілік процедурасының жан-жақты дамуы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Айта кетсек, облыс бойынша 98 медиаторлар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда медиация кабинеттері аудан әкімдіктері мен "Нұр Отан" партиясының ғимараттарында, сондай-ақ Тараз қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде ашылған.

Сұхбат

PhotoRoom