Жамбылда интенсивті бау-бақша әдісі дамып келеді

Аймақ
08.06.2016, 23:13

image_21Жамбылдық бағбандар соңғы жылдары интенсивті әдіспен алма бақтарды өсіруге ден қойып келеді. Қазірдің өзінде мұндай бақтың жалпы көлемі 170 гектардан асып отыр. Бүгінде шаруалар бақша егіншілігінде заманауи интенсивті технологиялардың пайдасы мол екенін айтады. Солардың бірі – Жамбыл ауданындағы «Шығыс бақтары» ЖШС. Аталған серіктестік өткен жылы қаланған. Бастапқыда бағбандар 24 гектар жерге қарқынды алма бау отырғызса, биыл 50 гектар алқапқа алма көшеттерін орналастырыпты.

Тамшылатып суару әдісімен өсірілген бақта алма сорттарының да түр-түрі кездеседі. Қатты жауыннан, бұршақтан қорғауға арналған арнайы құрылғылар да бар. Заманауи алма бағының жалпы құны – 132,9 млрд теңге. Ал биыл серіктестік басшысы бақтың көлемін ұлғайтып, шығынды азайту үшін көшетбақ жасауды жоспарлап отыр.

Серіктестік алма бағын егуде польшалық технологияны пайдаланған. Тың әдіспен танысу үшін шаруа арнайы Еуропа елдеріне де барып қайтқан. Осы кәсіптің арқасында шаруа иесі жергілікті тұрғындарды да жұмыспен қамтып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom