Жамбылда жастар экологиялық акциясы өтті

Аймақ
15.07.2016, 23:37

cc873d1eb83306642fe6b5a7914e219bТараз қаласында «Мамыр» тоғайының маңында «Ақбұлақ!» атты экологиялық сенбілік өтті. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен акцияға қала тұрғындары, студент жастар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері қатысты. Көп жылдан бері тұрғындардың қажетіне жарап жүрген «Қасиетті бастау» бүгінде ластана бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұлақты қанша тазартса да, жаздың күні демалысқа келген адамдар ластап, аз уақыттың ішінде қоқысқа лық толып шығады екен.

«Мен сіздердің барлықтарыңызды жақсы көремін, әрі құрметтеймін» деп сөзін бастаған Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ақаев қалада әдемі жерлердің көп екенін атап өтті. «Біз өңіріміздің әр тұсын сүйіп, қадірлеуіміз керек. Осы бастаманы бастаған жастарға, оны қолдаған сіздерге рахмет», - деп бұлақ маңында тұратын халыққа алғысын білдірді.

Қала әкімінің орынбасары акция аясында бұлақтың көзін ашып, маңын тазартуға уәде етті. Ал оны тазалықта ұстап тұруды осындағы халыққа тапсырды,-деп хбарлайды zhambylnews.kz.

Облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі Ихтияр Мырзахметовтың айтуынша аталған акция бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіледі, әрі ол бүгіннен бастап бастау алды. Айта кетейік, акция ­– өңіріміздегі ластанған жерлерді тазалап, қалпына келтіруді мақсат тұтқан.

«Ақбұлақ!» акциясына жергілікті тұрғындардың ерекше дайындалғанын ерекше атап өткенді жөн санадық. Себебі, көп жылдан бері «Қасиетті бұлақтан» шөл қандырып, салқын суынан ем тауып жүрген зейнеткерлер зейнетақыларынан қаржы қарастырып, бұлақ көзін ашқандарға арнайы дастархан жайды.

Сұхбат

PhotoRoom