Жамбылда облыстық сот 916 қылмыстық істі қарады

Аймақ
18.07.2016, 17:00

SAM_0895Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық комуникациялар қызметі Жамбыл облыстық филиалының алаңында өткізілген брифингке қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нурмухаммат Абидов, Жамбыл облыстық сотының судьялары Меирхан Атибеков және Ардак Акетаев қатысып, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы, істерді қарау сапасы және процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу қорытындыларын БАҚ өкілдеріне хабардар етті.

Брифингте Н.Абидов өз баяндамасында, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарымен 1061 тұлғаға қатысты 916 қылмыстық іс қаралды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында 894 тұлғаға қатысты 798 қылмыстық іс қаралғанын атап өтті. Биылғы жылы соттармен 118 қылмыстық іске көп қаралды.

Медиация рәсімдерін қолдану арқылы 156 қылмыстық іс қаралды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарындағы тергеу судьяларымен 1846 талап тілектер мен ұсыныстар қаралды. Оның ішінде 1802 қанағаттандырылып, 44 ұсыныс қанағаттандырусыз қалдырылды.

Жамбыл облыстық сотының судьясы А.А.Акетаев 2016 жылдың 6 айында 17 144 талап арыз түсті, соның ішінде 556 (3,2%) талап арыз қайтарылды, 16 287 (95%) талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалды, 169 (1%) талап арыз қабылданбады, есептік кезеңнің соңына 132 талап арыз қалды. 2015 жылдың 6 айында облыс соттарына 17 267 талап арыз түсті, соның ішінде 484 (2,8%) талап арыз қайтарылды, 16 415 (95,1%) талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалды, 249 (1,4%) талап арыз бойынша өндіріске қабылдаудан бас тартылды, есептік кезеңнің соңына 118 талап арыз қалды.

Медиация тәртібімен 552 азаматтық іс қысқартылды, ол қаралған істердің 3,5%-ын құрайды, 116 азаматтық іс татуласу рәсімімен қаралды, ол қаралған істер санының 0,7%-ын құрайды, партисипативтік келісімімен 6 азаматтық іс қаралды, ол қаралған істердің санының 0,04%-ын құрайды.

М.Атибеков қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі жаңашықтармен бөлісіп, процесстік келісім жасалған істер бойынша қортынды мәлімет берді.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс соттарымен процестік келісімге сәйкес 19 тұлғаға жаза тағайындалды, оның ішінде 2 тұлғаға бас бостандығынан айыру (10,5%), шартты түрде жазаға 4 тұлға (21%), бас бостандығынан шектеу 13 тұлға (68,4%).

ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ және ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТА КЕЛІСІМДІК ІС ЖҮРГІЗУДЕ ҚАРАУ ҚР ҚІЖК-нің 63,64 тараулармен көзделген.

Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік

келісімді жасасудың салдарлары, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің,анықтаушының әрекеттері, ынтымақтастық туралы процестік келісім, ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі, ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тәртібі, ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша прокурордың әрекеттері, келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері, істі келісімдік іс жүргізуде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар, келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері, соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері, келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы және мазмұны, басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау, сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы мен мазмұны туралы баяндады.

Және де ол облыс судьяларының Конституция мен заңдардың, Судьялардың әдеп кодексі нормаларын бұлжытпай қатаң орындап, отырғандығын, сот корпусына жүктелген міндеттердің іске асырылғандығын атап өтті.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып судьялар сот өндірісінде жаңа технологияларды қолданудағы міндеттерді орындау мәселелері және Елбасының «100 нақты қадам» Жоспарындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың барысы туралы хабардар етті.

Сұхбат

PhotoRoom