Жамбылдық спортшылар жүзуден Еуропаның ашық чемпионатына қатысты

Аймақ
25.07.2016, 21:34

2016 жылдың 1-7 мамыр аралығында Фуншал қаласындағы (Мадейро аралы, Португалия) олимпиалық жүзу бассейнінде паралимпиалық спортшылар арасында Еуропаның ашық чемпионаты өтті, - деп хабарлайды "Zhambylnews" ақпараттық агенттігі.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде спортшыларды Халықаралық Паралимпиалық Комитетінің президенті Сэр Филип Кравен, Мадейро аралының президенті Мигель Альбукуерке, Фуншал қаласының әкімі Пауло мырза мен Португалияның жүзуден федерация президенті Антонио Хосе Сильва мырза құттықтады.

Жарысқа әлемнің 52 мемлекетінен 453 үздік жүзушілері қатысты. Еуропа чемпионаты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тарихта алғашқы рет Ашық түрде өткізілді.

Аталған Чемпионатта еуропалық және басқа да мемлекеттердің жузушілері өз көрсеткіштерін жақсартуға және Рио де Жанейро қаласында өтетін XV Паралимпиалық ойындарына дайындықтырын сынауға жақсы мүмкіндік туылды.

Қазақстан Республикасының намысын паралимпиалық ұлттық құрама команда сапындағы 9 жетекші спортшылар қорғады. Олар: он дүркін әлем рекордын жаңартушысы, 2013 жылғы Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, 2015 жылғы Әлем чемпионатының екі дүркін қола медалінің иегері, 2011, 2013 және 2015 жылғы Бүкіләлемдік ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина (Жамбыл облысы), 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Ахметов (Астана қаласы), Мансұрбек Ибрашев пен Роман Агалаков (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қуаныш Асқар (Маңғыстау облысы), Наталья Звягинцева мен Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы) және Дмитрий Ли (Павлодар облысы).

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрама командасы төмендегі орындарды иеленді:

1. Жамбыл облысының спортшысы Зульфия Габидуллина:

-50 метр еркін жүзу қашықтығындағы финалында 43.22 көрсеткішпен Әлем рекордын жаңартып алтын медальды ұтып алды. Екінші орынды 46.44 көрсеткішпен Украина спортшысы Ольга Свидерска алды, үшінші орын 47.89 көрсеткішпен  Грекия спортшысы Александра Стаматопоулоу иеленді.

-100 метр еркін жүзу қашықтығындағы финалында 01:39.64 көрсеткішпен алтын медальды ұтты. Екінші орынды Украина спортшысы Ольга Свидерска 01:39.97 иеленді. Ал, үшінші орынды 01:49.04 көрсеткішпен Ресей спортшысы Юлия Шишова алды.

Португалдық жергіліктік газетасының мақаласында: «Зульфия Ғабидуллина дауыл секілді Эйндховен Кубогында өзі орнатқан әлем рекордын 1 секундасына жаңартып, қарсыластарын алыс артынына қалдырып жүзу бәйгесін бастады. Сонымен қатар, Зульфия португал халқының ғана емес, бүкіл әлем спорт жанашарлардың жүректерін жаулап алғандығына куә болдық, жанкүйелермен қоса барлық командалар орындарынан тұрып ду қол шапалақпен алғысын білдірді».

Мүмкіншілігін үзбей отыра Фуншал қаласының әкімі Пауло мырза біздің рекордшымызды өзі келіп құттықтап, шынымен Зульфияның жанкүйері болғандығын білдірді. Біздің Зульфиямыз Әлемдік паралимпиялық жүзу және спорт феноменына болғанына күмән жоқ, себебі 3 жыл бойы  халықаралық жарыстарда әлем рекордтарын орнатып кележатыр, қолын түсірмей, ешнәрсеге қарамай!

Қорытындысында, Халықаралық Паралимпиалық Комитеттінің Әлем рейтингінде Зульфия Габидуллина үш қашықтықта жетекші қатарды сақтап қалуда.

Рио де Жанейрода өтетін Паралимпиалық ойындарында З.Габидуллина 5 қашықтықта жарысады (50, 100 метр еркін жүзу, 50 метр арқамен жүзу, 50 метр брасс және 150 метр кешенді жүзуі (комплекс).

Мүгедек - спортшыны дайындаған жеке бапкері, жүзуден Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Ерғалиұлы Бейсембаев.

Сұхбат

PhotoRoom