Жамбылда жыл басынан бері 5 млрд. теңгеге жуық қаржы заңдастырылған

Аймақ
01.08.2016, 20:38

SAM_1091Жыл басынан бері ақшаны жария ету акциясы шеңберінде Жамбыл облысында 4,9 млрд. теңгеге банктық шоттар ашылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Дәурен  Төлепбергенов мәлім етті.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2016 жылғы 25 шілдедегі жағдайға ақшаны жария ету шеңберінде Жамбыл облысындағы екінші деңгейдегі банктерде және «Казпочта» АҚ 33 шот ашылған, оларға сомасы 4,9 млрд. теңге қаражат салынған. 2016 жылдың басымен салыстырғанда мүлікті жария ету науқаны шеңберінде ашылған банктік шоттардағы ақша 1000 есеге артқан. Жалпы соманың 99,9% ағымдағы жылдың 7 ай ішінде салынған.

Азаматтардың жария ету науқаны шеңберіндегі белсенділігі ақшаны жария ету рәсімдерінің жеңілдетілуімен, жария етудің бұрын-соңды болмаған икемді талаптарымен, сондай-ақ халықтың осы науқан туралы кеңінен хабардар болуымен байланысты.

Естеріңізге салсақ, мүлікті жария ету, оның ішінде ақшаны жария ету науқаны 2014 жылғы қыркүйекте басталған болатын. 2015 жылғы 29 қарашада 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, ол Заңмен ақшаны жария етудің жеңілдетілген шарттары енгізілді. Атап айтқанда мүлікті жария ету субъектілеріне (азаматтар) жинақтау шотының орнына қарапайым ағымдағы шоттың көмегімен жария ету мүмкіндігі берілді. Сонымен бірге олар үшін жария етілетін ақшаға еркін иелік ету мүмкіндігі көзделген, себебі ақшаны банкте сақтау, инвестициялаудың ықтимал бағыттары бойынша және алымдарды төлеу бойынша тиісті талаптар алып тасталды. Азаматтар осы науқан шеңберінде шет елде орналастырылған немесе қолындағы ақшасын қазақстандық банктерде орналастыру қажеттілігінсіз-ақ жария ете алады.

Сонымен қатар, жария ету субъектілері үшін салықтық рақымшылық енгізілді. Бұл науқанға қатысушы қазақстандықтардың декларацияда немесе өтініште көрсетілген жария етілген ақша сомасынан, мүлік құнынан, сондай-ақ жария етуге дейін мүлікті пайдаланудан алынған кірістің мөлшерінен 10%-дық жеке табыс салығын төлеуден босатылғанын білдіреді.

Акцияны пайдаланатын азаматтарға мемлекеттік органдардың тарапынан кез келген қудаланудан осындай органдардың қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупімен қорғауға кепілдік беріледі. Сондай-ақ, оларға жеке ақпараттың, жария етілген мүлкі туралы ақпараттың да құқық қорғау органдарынан қорғалуына; жария етілген мүліктің тәркіленбеуіне және жария ету фактісін қылмыстық істер бойынша дәлел ретінде пайдаланбауына кепілдік беріледі.

Науқанға 31 екінші деңгейдегі банк пен Ұлттық почта операторы қатысатынын атап өтеміз. Жамбыл облысында ақшаны жария ету үшін банктік шоттарды  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен басқа» кез-келген банктердің және «Казпочта» АҚ бөлімшелерінде ашуға болады. Осы науқан шеңберінде ақшаны жария ету үшін мақсатын көрсете отырып шот ашу және қаражатты салу туралы анықтаманы алу қажет.

Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе қазақстан банктерінің шоттарына ақшаны салмайтын жағдайда - алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органы қабылдаған күннен бастап ақша заңдастырылған болып саналады.

Ақша жария ету мерзімі аяқталғанға дейін, яғни  2016 жылғы 31 желтоқсан жария етіле алады. Бұл ретте жария  ету  үшін  құжаттарды  беру  мерзімі  жария  ету  мерзімі (шамамен  2016 жылғы  23 желтоқсан) аяқталғанға  дейін  бес  жұмыс күнінен  кешіктірмей  аяқталады.

Ақшаны жария ету шарттары туралы халықты ақпараттандыру мақсатында жергілікті БАҚ, Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстары арқылы ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен (бұдан әрі - Филиал) ақпараттық-түсіндірме іс шаралары жүргізілуде. 2016 жылдың басынан Филиалмен баспа беттерінде («Ақжол», «Знамя труда» газеттері), «Zhambyl News» ақпараттық агенттігінің және атқарушы органның интернет-ресурстарында ақшаны жария ету туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 мақала (шарттары, рәсімдері және т.б.) дайындалды, «Казахстан-Тараз» ТРК «Телеблокнот» айдарыңда ақпараттық хабарлама орналастырылды, сондай-ақ Филиалдың мамандары Жамбыл облысы әкімдігінің және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандарымен бірлесіп мүлікті жария ету бойынша науқанның шарттарын түсіндірулермен «Қазақстан-Тараз» ТРК «Сіз не дейсіз?» бағдарламасында сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Филиал Жамбыл облысының банктері филиалдарының ақшаны жария ету жөніндегі акцияны жұртшылыққа тарату бойынша жұмысына, клиенттер үшін жеткілікті ақпараттың болуы, жауапты қызметкерлердің ақшаны жария ету шарттарынан хабардар болуы, сондай-ақ заңдастыру процедуралары бойынша болуы мүмкін проблемалар бөлігінде айсайынғы негізде мониторинг (банктердің бірінші басшыларымен кесдесулер өткізу, Филиал қызметкерлерінің банктерге баруы) жүргізеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты облыс тұрғындары осы мүмкіндікті пайдаланып қалулары қажеттігі тағыда естеріне саламыз.  Өйткені мүлікті жария ету бойынша жүргізіліп жатқан акция жария ету субъектілеріне бұдан бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақша мен өзге мүлікті оған қайтаруға мүмкіндік береді, бұл алдағы уақытта кірістер мен мүлікті жаппай декларациялауға, сондай-ақ трансшекаралық операциялардың айқындылығын арттыру бойынша жалпы әлемдік үрдістерге және елдер арасында салық ақпаратымен өзара алмасуды күшейтуге көшу тұрғысында ерекше өзекті.

Сұхбат

PhotoRoom