Жамбылдың қарбыздары Ресей нарығында

Аймақ
21.08.2016, 20:33

indexЖамбылдың қарбызы Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие. Мәселен, Байзақ ауданындағы бір қожалықтың өзі осы күнге дейін көрші елге 300 тоннадан астам қарбыз жөнелткен.   Одан бөлек, өз еліміздің бірқатар облыстары да Әулие атада өсірілген бұл бақша өнімін көптеп сатып алуда.  Биыл аймақ диқандары судан таршылық көрген жоқ. Ауа райы да қолайлы болды. Сондықтан бүгінгі күні олар ерте көктемнен басталған еңбектің жемісін көруде.

Расим Айвазоғлы – белгілі агрономның бірі. Ол 30 жылдан астам уақыт бақша өнімдерін өсірумен айналысып келеді.  Биыл Расим еңбек ететін қожалық Байзақ ауданында 100 гектар жерге қарбыз еккен. Өнімге сұраныс жоғары. Қазір кезекті жүк көлігі Алматыдағы ірі сауда нүктелерінің біріне жол тартқалы тұр.

Расим Айвазоғлы, шаруа қожалығы жетекшісінің орынбасары -Бұны енді Ресей алады. Ресейден келеді. Біздің Қазақстан қарбызды жақсы жейді. Тараз өте керемет жейді. Дәу дарбызды жақсы көреді.

Биыл аймақ диқандары судан таршылық көрген жоқ. Өнімнің шығымы жақсы болды. Қазір орта есеппен әр гектардан 25-30 тоннаға дейін қарбыз жиналуда. Қожалық  өнім сапасына көп көңіл бөлген. «Сұраныстың жақсы болуы да содан», – дейді олар. Оның үстіне, биыл ауа райы да еңбеккерлерге қарайласты.

Болат Сағымбеков, Байзақ ауданы Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы  -Бағаға келер болсақ, егістік алқабынан 15-17 теңгеден өткізіп жатыр. Биылғы жылы аудан бойынша 1930 гектарға осы бақша дақылдары орналастырылды. Бұл былтырғы 2015 жылмен салыстырғанда 50 гектарға артық.

Енді алдағы уақытта аудандағы бау-бақша көлемін қазіргіден де арттыру көзделуде. Биыл мол өнім алып, оны қиналмай өткізіп жатқан шаруалардың келер жылға үлкен жоспарлары бар,- деп жазады khabar.kz.

 

Сұхбат

PhotoRoom