Шымкенттегі 129 мектепте 1 қыркүйек күні ерлік сағаттары өтеді

Аймақ
24.08.2016, 14:00

cdcd5ba9-2a94-407b-a397-1b5b10cfb5d7«Жаңа оқу жылының бірінші күні қаладағы 129 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 164000-ға жуық оқушы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан-Отаным менің» тақырыбындағы ерлік сағаттарын өткізеді». Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен қалалық білім қызметкерлерінің 2016 жылғы тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды. Конференция барысында білім саласына қатысты мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына міндеттер мен мақсаттар қойылады. 
2015-2016 оқу жылын жалпы 156767 оқушы аяқтаса, 2016-2017 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа келетін оқушылар саны 21970 бала болып отыр. Бұл қаладағы өсім деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Айта кетерлігі, осы жылы шаһардағы 119 мектепке ағымдағы жөндеу, ал, 6 білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қаратөбе мен Ынтымақ шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 2 жаңа мектептің, 1 балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға дайын. Осы жылы қаламызда 7 үш ауысымды мектеп болса, 300 орындық екі жаңа ғимарат салу арқылы аталған мәселе оң шешімін тапқан,- дейді қаланың бас ұстазы Жанат Тажиева.
Бүгінді таңда қала аумағында мектептері жоқ 6 елді мекендер бар екендігі анықталған. Индикативті жоспарға сай 2020 жылға дейін аталған аумақтарға мектептер салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл қалалық білім мекемелерінде оқулық 7c0f9aee-d4b4-46d4-8b3c-0fa3c41267a6мәселесі толығымен шешіліп, қысқы жылумен қамту жұмыстары жүйелі пысықталған. 
Шымкенттегі жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 50579 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша 47079 бала қамтылып, ол 82,4 пайызды құрап, былтырғымен салыстырғанда жоғары болып отыр. Жасөскіндердің жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында қала бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балаларын демалдыру мақсатында – 116 млн. теңге бөлініп, 4628 бала тегін жазғы лагерлерде демалды. Бұл игілікті шарамен қатар Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 29644 оқушыларға қолдау көрсетілетін болады. Оның ішінде, мемлекет есебінен 5000 баланың жеке есепшоттарына 12 000 теңгеден аударылса, қалған оқушыларға демеушілер есебінен көмек беріледі.
Қазақстанда алғаш болып, білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындауда ашықтық пен айқындық қағидаттарын орнықтыру мақсатында 2015 жылдың қазан айынан бастап, мектеп басшыларын тағайындау қала әкімінің төрағалығымен 5 жалпы орта мектеп директорлары және 3 балабақша меңгерушілері ашық түрде өткізілген конкурстар негізінде тағайындалды.
Дарынды және талантты оқушылармен іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Робототехника», «Нанотехнология» кабинеттерінде қала мектептерінің оқушыларына тәжірибе жүргізіліп келеді. 
Тамыз кеңесі іс-шарасында оқу жылының қорытындысы бойынша үздік деп танылған мектеп ұжымдары мен ұстаздар қауымы марапатталады.

Сұхбат

PhotoRoom