Жамбыл облысында жаңа шекара қалашығы салынады

Аймақ
08.09.2016, 21:07

20160905194025Қазақстанда Мемлекеттік шекараны қорғауда қызмет етіп жатқан әскери қызметшілердің тұрғын жайы жақсаруда,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев пен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысы, генерал-майор Дархан Ділманов «Қордай» шекаралық-өткізу бекетінде және содан кейін Қордай ауданындағы шекаралық қалашық құрылысында болды.

Бұл нысанда құрылыс жұмыстары 2014 жылы мамыр айында басталған болатын, 2016 жылдың соңында оны аяқтау көзделіп отыр. 2017 жылғы тамызда  коммуникациялық жүйелер тартылып, қалашыққа әскерилер қоныстанады.

 «Құрылыс жұмыстарын «Ревьера» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі күні жұмыстар 70 пайызға орындалған, - деп баяндады «Оңтүстік» өңірлік басқармасы бастығының  орынбасары, подполковник Нұрбек Сатылғанов. - Алты миллиард теңгеден астам қаржы игерілді. Енді 2 миллиард теңгеден сәл асатын қаржыны игеру қажет. Қалашықта қызмет етуге және әскери қызметшілердің отбасыларының жайлы тұруына барлық жағдай жасалады. Мұнда өз алдына газбен жабдықталады.

«Міндетті түрде нысанның берілуіне өзім келемін және орындалған жұмыстардың сапасын тексеремін, - деп уәде етті К.Көкірекбаев. - Бұл республиканың оңтүстік шекарасындағы осындай бірден-бір нысан».

Қазақстан Республикасының периметрі бойынша 98 шекаралық-өткізу бекеттері жұмыс істейді. 2015 жылы олар арқылы 46 миллион адам өтті.

Сұхбат

PhotoRoom