Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді

Аймақ
11.09.2016, 23:11

800x450_astana_131213-135Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қыркүйек айының 23-25 күні аралығында Астанада Жамбыл облысының күндері өтпек, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі. Осыған байланысты Астана қаласында бірқатар мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Біздің облыс Жамбыл облысы шаруаларының өнімдерін «Қазақстанда жасалған» көрмесі арқылы көрсетпек. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ұйымдастырылады. Облыстық қазақ драма театры Жамбыл1473313886_bkkid67174k облысының Астанадағы күндерінде М.Әуезовтың «Қилы заман» тарихи драмасы мен «Еңлік-Кебек» трагедиялық қойылымдарын Елорда жұртшылығына ұсынбақ. Бұдан өзге облыстық орыс драма театры С.Маршактың балаларға арналған «Кошкин дом» ертегісін, Ф.Булякованың «Выходили девки замуж» комедиялық қойылымы мен «Пегий пес, бегущий краем моря» театрландырылған қойылымын қоюды жоспарлап отыр.

Бейбітшілік және Келісім Сарайында «Ұлы Дала - Ұлысым» атты гала-концертінен соң мәдениет күндерінің жабылу салтанаты өтеді.

Сұхбат

PhotoRoom