Таразда 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

Аймақ
16.09.2016, 12:40

08272951Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Өңірлердегі дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының Жамбыл облысының орындалуы туралы брифинг өтті. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Евгеньевич Шарыгин хабарлады. Е.Е.Шарыгин өз баяндамасында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және  Жамбыл облысының әкімдігі  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.   Құжаттарға сәйкес, осы өңірде құрылыс салу  және 6 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол жалпы аумағы 37 мың шаршы метрлі 480 пәтер. Олар салынып біткен соң,   1  шаршы метрі үшін  116 мың теңгемен өткізіледі және  2017 жылдың тамыз айында беріледі.

- Өңірлерді  дамытудың  2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен әкімдік арасында «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша 7 көппәтерлі тұрғын үйге арналған  Ынтымақтастық туралы  келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда, олардың жалпы аумағы 31,6 мың ш.м.  құрайтын 399 пәтерлі  6 тұрғын үйі  беріліп те қойды.

Спикердің айтуынша ағымдағы жылдың  4-ші тоқсанында «Арай» алқабынан жалпы аумағы   6,179 мың ш.м. қүрайтын 80 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы нысандар бойынша пәтерлерді сатып алушылар  құны құрылып та қойды  және банк салымшылары пәтерлерді сатып алу үшін, қажет құжаттарды дайындау үстінде.

Сонымен қатар «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша   жалпы аумағы 28,8 мың м2    құрайтын  465  пәтерлі  6 тұрғын үйдің салынуы және өткізілуі бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Барлық пәтерлер  кейінгі сатып алу механизмі арқылы өткізілді.  Жалпы Жамбыл облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ   банкі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда, осы өңірде ҚТҚЖБ-ның 22 мың салымшысы тұрып жатыр. Олардың Банктегі жинағының жалпы сомасы         7 811 млн. теңгеден асады. Осы жылдың басынан бері  4 027  жаңа ТҚЖ шарты  жасалған. Ал, алдыңғы жылы 2,5  миллиард теңге көлемінде кредит берілген - деп мәлімдеді  спикер.

Сұхбат

PhotoRoom