Төрткөл алқабынан қосымша автобус бағыты жүрмек

Аймақ
19.09.2016, 12:25

sam_1332Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде  «Білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы» тақырыбында пресс-конференция өтті. Пресс-конференцияға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Олжабай Кенжебек Мамашұлы, қала әкімдігі білім бөлімінің басшысы Заурбекова Гүлзия Расылханқызы, Тараз қаласының әкімдігінің ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Деметбаев Қадырбек Рахымбекұлы  қатысты.

Қ.Деметбаевтың хабарлауынша, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №32 орта мектептің оқушылары 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап, Көшек батыр көшесінде орналасқан №9 орта мектепте екінші ауысымда уақытша білім алуда. Сабақ 14.00-де басталып, 19.05-те аяқталады. №9 орта мектепке жақын маңайда тұратын оқушылар мектепке жаяу қатынап, ал алыстау жерде Ы.Сүлейменов көшесінің соңында тұратын 42 оқушы, қала ішінде қатынайтын №18 бағыттағы қоғамдық көлікпен және «Аса-Тараз» шағын автобус бағытымен қатынап оқиды. №9 орта мектеп пен Ы. Сүлейменов көшесінің соңындағы аялдамаға дейінгі ара қашықтық 3 шақырым 520 метрді құрайды Көшек батыр көшесінен Ы.Сүлейменов көшесіне дейін Жамбыл даңғылының бойымен 640 метр, Жамбыл даңғылынан Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы аялдамаға дейін 2 шақырым 880 метр.

 - Аталған №18 бағыттағы автобустар таңертен сағат 7.00-9.00, түскі мезгілде 12.00-14.00 дейін, ал кешкі мезгілде 17.30-19.30 аралығында 20 минуттық үзіліспен қатынауда.

«Сонымен қатар, «Төрткөл» алқабы және Ы.Сүлейменов көшесімен қосымша жүргізу үшін №21 автобус бағытының қозғалыс сызбасы дайындалып, конкурсқа шығару жұмыстары атқарылып жатыр. Алдағы уақытта конкурсқа қатысушы тіркелген жағдайда, ағымдағы жылдың 25-ші  қазанынан бастап, қызметін бастайтын болады. Бұл бағыт Төрткөл алқабындағы «Караван сарай» мәдениет орталығынан бастап, Рысбек батыр көшесімен, Рахимов көшесі, Аль-Фараби көшесі, Сейфуллин көшесі, Тұрар Рысқұлов көшесі, Төле би даңғылы, Қойгелді көшесі, Қазыбек би көшесі, Абай даңғылы, Төле би даңғылы, Сыпатай батыр көшесі, Мәмбет батыр көшесі, Жамбыл даңғылы арқылы «Тараз» автобекетіне қатынайтын болады-, деп мәлімдеді Қ.Деметбаев.

Сұхбат

PhotoRoom