Тараздық қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Аймақ
02.10.2016, 23:25

4160ea5c23efca116f088954740059e6_lҚазанның бірі бүкіләлемдік қауымдастықта «Қарттар күні» болып белгіленген. Атаулы күн аясында өңірде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары игі бастама көтеріп, халықаралық қарттар күніне орай, ақ дастархан жайып, көпбалалы аналар, қарттар мен еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің басын қосты.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Міне, енді айтулы күні саналы ғұмырын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апалардың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Марат Мырзахметов, Тараз қалалық мәслихатының депутаты

5 жыл бойы осындай мереке жасап жүрміз қарттарымызға. Қарт сыйлаған адам – ел сыйлаған деп қазақтар бекер айтпаған. Сол үлгімен жақсы шараларды біздің қаладағы кәсіпкерлер тағы да басқа, қауымдастықтар қосылады, әрі қарай жалғастырады деп ойлаймын

Қазыналы жандарға ұйымдастырылған отырыста замандастардың әзілдері жарасып, арқа-жарқа болды. Мейрамханада арнайы шығыс және еуропалық үлгісінде жайылған мол дастарханға 80-ге жуық адам жиналды. Жақсы іске жаны құмар халық қалаулылары аға буын өкілдерінің ықыласына бөленіп, баталарын алды.

Мақұлбек Есеналиев, зейнеткер

Бұл деген үлкен, ірі жол. Бұрыннан ата-салтымызда келе жатқан жол үлкендерді сыйлау. Рахмет, осындай үлкен қарттарды сыйлап бізді құрметтеп жатқанына, жақсылық жасап жатқандығына.Жалғаса берсін әрі қарай. Табысты бола берейік бәріміз. Мемлекетіміз өркендей берсін

Қарт кісіні – құт-береке деп танысақ, ол ұрпақ көрегендігі. Осы орайда, біздің асыл қазынамыз – қариялар деп пайымдайтын жастар шын тілектерін білдіріп, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Қазыналы қарттарымыз ән мен бидің әуенінде дем алып, көңілді тарқасты.

Сұхбат

PhotoRoom