Жамбылда өңіраралық кооперацияны дамыту жайы қаралды

Аймақ
02.10.2016, 23:36

pickp42Елбасы өз Жолдауында  қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып табылатынын жеткізіп, шағын қалалар мен облыс орталықтарын жан-жақты дамытуды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында жаңа жоба қабылданды.

Аталған жобаны кеңінен насихаттау бағытында  бүгін Тараз қаласында республикалық деңгейде Басқосуды Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мен «Астана Проджест» компаниясы ұйымдастырды. Іс-шараның салтанатты ашылуында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков конференция жұмысына сәттілік тілеп, өзара ынтымақтаса жұмыс істеудің тиімділігін атап өтті. Әзірге жоба пилоттық ретінде Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында қолданысқа енгізілмек. Өйткені, бұл өңірлердің кәсіпкерлік, инфрақұрылымдық, өндірістік мүмкіндігі мол. Бұл мүмкіндіктерді  дамытуда бірлесе жұмыс жасау қажет. Айта кетерлік, макроөңірлерді дамытудағы бас схема экономиканы әртараптандыруға, қалалық және ауылдық аумақтарды ұтымды дамытуға негізделген. Ол үшін әуелі өңіраралық  кооперация құрылып, ортақ база жасақталады. Онлайн режиміндегі база арқылы әр облыстың басшылары бір-бірімен тәжірибе алмасып, өңірді өркендетудегі тың жұмыстарымен бөліседі. Ал, бүгінгі кездесу барысында облыстың экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту және инвесторлардың қоршаған ортаға қатысты ел заңнамаларын орындауы туралы мәселелер қаралды.

Әсемкүл әміркенова, «Астана проджест» ЖШС директоры

Бұл жоғарыдағы аталған өңірлердің мүмкіндіктерін молайтпақ. Мәселен, жаңа өндірістік орындар ашылады. Облыстардың импорттық экспорттық жағдайы кеңейеді. Ал, бұл жобаға Жамбыл облысының енгізілуінің өзіндік негізі бар. Өйткені, сіздердің аймақтың ең біріншіден климаттық жағдайы жақсы. Барлық сала барынша дамыған. Мұнда халықаралық, республикалық автожол жоғары деңгейде жұмыс істейді. Әрине мұндай аймаққа инвестрлар жұмыс істеуге белсенділік танытады.

Сұхбат

PhotoRoom