Ресей сепаратистерге тың күш беріп жатыр

Жаңалықтар
30.07.2014, 13:47

Ресей Украинаның солтүстік-шығысындағы сепаратистерді қаруландыруды тоқтатар емес, деп хабарлайды BBC.

Пентагон өкілі, контр-адмирал Джон Кирбидің айтуынша, Украинаның Ресеймен шекаралас шығыс аудандарына ауыр техника - зымыран қондырғылары, артиллерия, танктер мен әуе қорғаныс жүйесіне қажетті жабдықтар жеткізіліп жатыр.

Кирби тағы Украинамен шекарада 10 мыңнан асатын орыс сарбаздары тұрғанын алаңдаушылықпен жеткізді.

Айта кетейік, кеше Еуропалық одақ пен АҚШ Ресейге қарсы энергатика, қорғаныс және қаржы салаларында бірқатар санкция енгізген болатын.

Сұхбат

PhotoRoom