ОҚО-да «Silk Way» көлік және логистика халықаралық көрмесі өтуде

Аймақ
20.10.2016, 22:32

14708166_1092280660888272_6850914946666014082_nБүгін Шымкентте "Көлік, логистика және инфрақұрылым" - "Silk Way Transport, Logistics Infrastructure" атты II халықаралық көрмесі басталды. Шараны ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев пен "Көлік-логистикалық аумағы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары Марат Телғозы ашты.

Бұл көрмеде көлік және логистикалық компаниялар өздерінің қызметтері мен жабдықтарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасуда. Олардың ішінде Nimex-Trans, CK Logistics, Giansar, Алем Тат, STI Logistics, Elite Logistics, Спец-Авто, K2 - Кранпоставка, Transasia Systems KZ, Instar Logistics, Камаз Евро Сервис, Omega Story Group Logisoft, Казахстан Логистик Групп, Зерде ҒӨБ, Евротранзиттерминал, Continental Logistics, Scat, Стеллажи.KZ, Союзтранслинк және басқа компаниялар бар.

14724526_1092280664221605_2246889694724810138_nШара аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдерінің және көлік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өңірдің көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараның қатысушылары көлік инфрақұрылымын дамытудың жоспарларымен және Оңтүстік Қазақстан облысында көлік-логистикалық аумағын салудың болашағымен танысады.

ОҚО аумағында бірнеше индустриялық және көлік-логистикалық аумағы жұмыс істейді. Сондай-ақ "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізі де бұл саланың дамуын ілгерілетеді.

Болашақта Шымкент қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімді шығаруға мамандандырылған Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығына айналатынына сенімді ұйымдастырушылар. Халықаралық қөрме екі күнге жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom