Түркиядағы президент сайлауы

Жаңалықтар
10.08.2014, 21:56

Бүгін Түркия халқы ел басшысын сайлау үшін президент сайлауына қатысты. Үш үміткер де келіп өз таңдауларын жасады.

Сарапшылардың пікірінше, Үкімет басшысы, Әділет және даму партиясының жетекшісі Тайып Ердоғанның бұл саяси науқанда шоқтығы биік. Ол тіпті сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетуі мүмкін.

Erdogan

Ал оның негізгі қарсыласы - Түркияның ең басты оппозициялық партиясының атынан түскен 70 жастағы Екмеледдин Ыхсаноғлу. Ол зайырлы мемлекет үшін деген ұранмен Түрік Республикасының негізін қалаушы Ататүріктің принциптерін қолдайды.

ихсаноглу

Үшінші үміткер - күрдтердің Халықтық-демократиялық партиясының тең төрағасы Селяхаттин Демирташ. 41 жастағы кандидаттың мамандығы - адвокат. Ол елдегі этникалардың мәдениеті мен тілін сақтау және теңқұқылықты саяси ұран еткен.

demirtas-1

Түркияның дауыс беруге құқылы 53 миллион халқы бар. Экзит-поллдың алғашқы нәтижелері дауыс беру процесі аяқталғаннан кейін 1 сағаттан соң жарияланады.

Дәл қазір дауыстардың 60 пайызы саналып болды. Әзірше, Ердоған қарсыластарынан оқ бойы озық келеді.

Сұхбат

PhotoRoom