Жамбылдықтар мереке қарсаңында марапатталуда

Аймақ
16.12.2016, 00:15

Жамбылдық денсаулық сақтау саласының мамандары мереке қарсаңында марапатталуда. Бұл туралы Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Биылғы жыл ерекше жыл екендігін атап өтуімізге болады. Өйткені ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпағы қол жеткізіп, тату-тәтті ғұмыр кешуде.  Осы орайда Жамбыл облыстық әкімдігінде  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін  Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ЖШС директорының орынбасары, облыстық  денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі Өмірбаева Толқын Шәкенқызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Мерекелік медалді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов салтанатты түрде табыс етті.

Мерекелік марапат құтты болсын!

Сұхбат

PhotoRoom