Таразда ең дарынды әжелер таңдалды

Аймақ
29.11.2016, 20:48

«Ақ босағаның - алтын діңгегі» байқау-конкурсының ұйымдастырушылары аталмыш іс-шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Тараз қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қалалық мәдениет сарайында өткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттайтын шараны тамашалауға соғыс және еңбек ардагерлері мен жастар келген. Қалалық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық өмірге белсене арласатын 60 және одан жоғары жастағы жеті қатысушы мақалдар, жаңылтпаштар, ұлттық жоралғыларымыз, қолөнер және ұлттық тағам әзірлеуден жарысты. Қазылар алқасы қатысушыларды «Зерек әже», «Парасатты әже», «Өнерлі әже», «Сүйкімді әже», «Бармағынан бал тамған әже», «Инабатты әже», «Шебер әже» номинациялары бойынша анықтады. Конкурс соңында барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Конкурс ұйымдастырушылары болған Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі, «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының айтуынша, конкурстың мақсаты - аға буын өкілдерінің маңызды рөлін атап өтіп, ардагерлерге деген құрметті арттыру және патриоттық сезімді ояту болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom