Жамбылдық дәрігерлер марапатталды

Аймақ
15.12.2016, 21:01

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, облыстың медицина саласының дамуына салмақты үлес қосқан бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Осыған орай, «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі,  ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің және облыстық  денсаулық сақтау басқармасының, облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағының төс белгілері мен Құрмет грамоталары және алғыс хаттар тапсырылды.

Салтанатты жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев медицина қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, облыстағы денсаулық сақтау саласының жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар,  аймақтың денсаулық сақтау саласын өркендетуге қосқан үлестері мен адал еңбегі үшін «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен – 32, «Еңбек ардагері» медалімен – 2, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен - 4, құрмет грамотасымен – 7, алғыс хатпен – 7, Жамбыл облысының әкімінің  құрмет грамотасымен – 1, Жамбыл облысы әкімінің алғыс хатымен – 1, Облыстық «Нұр-Отан» партиясының құрмет гармотасымен – 2 медицина қызметкерлері марапатталды.

Шара соңы Жамбыл медициналық колледжінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Сұхбат

PhotoRoom