Таразда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 48 млрд. 667,6 млн. құрады

Аймақ
14.12.2016, 21:12

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тараз қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы баяндады.

Оның сөзіне сүйенсек, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 48 млрд. 667,6 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 134,0% құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары есебінен 29 млрд. 188,0 млн. теңге, бюджеттік салымдар - 15 млрд. 462,3 млн. теңге, банктерден несеиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар - 3 млрд. 953,3 млн. теңгені құрады, басқада қарыз қаражаттары 63,9 млн. теңгені құрады.

2000 жылдары қалада 1960 бірлік шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істесе, 2016 жылы қалада 31 063 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 25693 жеке кәсіпкер, 5380 шағын және 33 орта кәсіпорын субъектілері. Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 14 млрд. 148,0 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 8,7% құрап отыр, - деп хабарлады спикер.

Сұхбат

PhotoRoom