Жамбылда «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтары ашылды

Аймақ
14.12.2016, 21:22

79-шы қадамға сәйкес жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу үшін 7 мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі трансляциялануда. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы мәлім етті.

Оның сөзіне сүйенсек, облыста «Үш тілде білім берудің 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Облыста 3 мамандандырылған мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізілсе, жаңа оқу жылында 4 мектепте үш тілді оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 1500 бала жазғы тіл үйрену мектебінде ағылшын тілін үйрену курстарынан өтті. Сондай-ақ, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаттары базасында ағымдағы жылдың тамыз айында физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған жазғы ағылшын тілін үйрену курстары өткізіліп, оған 100 педагог қамтылды.

Облыстық білім басқармасы мен Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің шет елден келген мұғалімдерінің қатысуымен әр сенбі сайын физика химия, биология, информатика пәнінің мұғалімдері үшін ағылшын тілінде үйрету тренингтері өткізілуде.

Тренингке ағылшын тілінің ең бастапқы деңгейін (elementary/pre-intermediate) меңгерген 14 педагог (физика - 2, химия - 4, биология - 5, информатика - 3) қатысуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орта білім беру саласында үш тілде оқу бағдарламаларын енгізу аясында ТарМПИ-нің базасында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің және Назарбаев Университетінің оқытушылары ағымдағы жылдың 14 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінен сабақ беретін 45 педагогты ағылшын тілінде оқытып, біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына 89-шы қадамға сәйкес 2015-2016 оқу жылында оқу үрдісіне 6 сыныптарға арналған «Мәңгілік ел», 7 сыныптарға «Көшбасшылық мектебі» бағдарламалары енгізілді. 7 ауданда мектеп жанынан «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталықтары ашылды.

Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында мектеп жанынан ашылған «Мәңгілік ел» тәрбие және білім беру орталықтарының ұйымдастыруымен 124 іс-шара өткізіліп, 22561 мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері қамтылды.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаевпен бекітілген «2016-2019 жылдарға арналған ««Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негіздерін білім беру және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының тәрбиелеу бағдарламаларына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес облыста нақты жұмыстар жүргізілуде, - деді басқарма басшысы. Жиын барысында С.Құрманбекова атқарылған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, оң нәтижелер көрсететініне сендірді.

Сұхбат

PhotoRoom