Жамбылда өткен қайырымдылық шарада әлеуметтік аз қамтылған 124 отбасы көмек алды

Аймақ
14.12.2016, 22:04

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына орай Талас ауданы "Амангелді газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.

Қазіргі қоғамдық қатынастардың қарқынды дамуы кезінде мейірімділік сынды басты құндылықты жоғалтпау, әрбір азаматтың, әрбір мекеменің парызы. "Амангелді газ" ЖШС Талас ауданындағы әлеуметтік аз қамтылған 124 отбасының әрқайсысына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерінің сертификатын табыстады. Іс-шарада аудан әкімі Болат Рысмендиев Тәуелсіздіктің тағылымды ауыр жолы жайлы айтып, қонақтар мен аудан тұрғындарын мерейлі мерекелерімен құттықтады.  Бұдан соң игі шара "Үміт" қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында жалғасын тапты. Аудан әкімі мен "Амангелді газ" ЖШС-нің қызметкерлері жарымжан бүлдіршіндерге ыстық ықыластарын білдіріп, тәттіге толы қораптар сыйлады. Балалар да қонақтарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Бірі "Тәуелсіздік", бірі "Президент" тақырыбында жүрекжарды өлеңдерін оқыса, енді бірі ән мен биден шашу шашты.

Бибі Шұрманова, Қаратау қаласының тұрғыны

Ел тәуелсіздігінің 25 жыл толуына байланысты міне бүгін аудан әкімі мен «Амангелді газ» ЖШС үлкен іс-шара ұйымдастырып отыр екен.Бұл ең алдымен біздің елбасымыздың арқасы, соның бастамасымен жүзеге асып отыр деп ойлаймын. Біз сияқты қарт кісілерге, аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен қамтамасыз етіп, сертификаттар беріп жатыр. Алғысымыз шексіз. Рахмет айтамын.

Сұхбат

PhotoRoom