Таразда «Болашағымыз бірлікте» атты облыстық форум өтті

Аймақ
09.12.2016, 22:45

Бүгін Тараз қаласында «Болашағымыз бірлікте»  деген атпен  Жамбыл  облыстық форумы болып өтті.  Қуатты отанымыздың  қарышты қадамын айшықтаған мерекелік іс-шараға бірнеше мың адам қатысты.

Ел егемендігінің 25 жылдығына орай  өткен ауқымды іс-шараға бірнеше мың адам қатысты.

Шерхан Абделиев, тілші

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларды қорытындылауға бағытталған іс-шараға жиылған жұртшылық Тараз-Арена спорт кешенінің ішін лық толтырды.  Қазақ елінің даму тарихында тәуелсіздік алған 25 жылдың алар орны ерек.Себебі 25 жылдың әрбір белесі дамудың даңғыл жолына бастаған айтулы оқиғаларға толы болды.Ширек ғасыр ішінде мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығы нығайып,халықтың әлеуметтік жағдайы айтарлықтай жақсарды.Экономикалық өсім де еселей түсті. Форумның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі К.Көкірекбаев облыстың жеткен жетістіктерін атап өтіп, өңір жұртшылығын тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Шерхан Абделиев, тілші

Осы жылдар ішінде еліміз «Қазақстан-2050» даму стратегиясын, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму  бағдарламасын қабылдады.Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығына аяқ басып, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады. Бұл әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына енуді алдына мақсат етіп қойған Қазақстанның даңғыл дара жолы болатын. Бұл Ұлы мақсатқа жетуде, Жамбыл жұртшылығының да қосқан салмақты өз үлесі бар. Форум барысында облыстың дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтар сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.

Шерхан Абделиев, тілші

Форум барысында  еліміздің эстрада жұлдыздары мен аймақ өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.  Рухты әндер шырқалып, ұлттық билер мен ауқымды флешмобтар көпшілікітің ыстьық ықыласына бөленді.

Шерхан Абделиев, тілші

Ел тәуелсіздігінің 25 жылында мемлекетіміз ғасырға бергісіз толайым табыстарға қол жеткізді.Ұлы мұрат жолында аянбай еңбек етіп, әлемдік аренаға шыққан Қазақстанның  алар асуы әлі алда.Бұл Ұлттық идея,Отандық асыл мұрат жолында, Жамбыл өңірінің қуатты, күш-қайраты, елдің жарқын өмірін жасампаздықпен жақсарта түсері сөзсіз.Бұған дейінгі серпінді даму жолы осыны көрсетті. Бүгінгі форумда айтылған сөздердің түйіні осы

Сұхбат

PhotoRoom