Жамбыл облысында жаңа 7 аялдама орнатылды

Аймақ
30.11.2016, 01:35

0d3ccc0bf5Шу ауданы бойынша көктемгі 3-айлық және күзгі 2-айлық тазалау жұмыстары мен Шу қаласы бойынша көп-қабатты үйлердің алдындағы қоқыстарын тазалау, Төле би ауылы көше бойы қоқыстарын тазалау, санитариясын сақтауға 157,9 млн. теңге қарастырылып, 1-ші қарашаға 132,7 млн. теңге игерілді.

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен  181 млн.956,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 100,0 млн. бөлініп, 214,0 млн. теңгесі игерілді, оның ішінде :

- 21077,0 теңге жыл соңына дейін  Төлеби КМК-на Шу ауданы бойынша елді мекендердің  көктемгі 3-айлығы күзгі 2-айлығы бойынша аббатандыру және көгалдандыру (тал егу, әк сатып алу, әрлеу, сырлау) жұмыстарына қарастырылып, игерілді.

- 13,5 млн. теңге Төлеби ауылының орталық алаңына «Қазақ елі монументіне» игерілген.

- 3,3 млн. теңге Көкқайнар ауылын ағын сумен қамтамасыз ету үшін игерілді (трансформатор).

- 0,7 млн. теңге Шу қаласының теміржол бекеті мен теміржолшылар саябағын абаттандырудың ЖСҚ-сы үшін игерілді.

- 1,4 млн. теңге Шу қаласындағы Шайтан көпірін қалпына келтіруге бөлініп, игерілді.

- 5,6 млн.  теңге Шу қаласы мен Төлеби ауылына 7 аялдама орнатуға игерілді.

- 46,1 млн. теңге  Шу қаласы мен Төле би ауылын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына игерілді.

- 2,1 млн. теңге Шу қаласы бойынша көп қаббатты үйлер алдындағы ойын алаңдарын әктеп-сырлау жұмыстарын жүргізу үшін игерілді.

- 15,0 млн. теңге Шу қаласы мен Төле би ауылының жарық шамдарының  бағаналарына лайтбокс орнату үшін игерілді.

- 4,0 млн. теңге  аудан бойынша жасыл желектерге қаралды.

- 2,0 млн. теңге Қорағаты ауылындағы  каналға  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

- 52354,0 мың теңге -Шу қаласындағы Теміржол бекеті алаңын абаттандыруға бөлініп игерілді.

- 46928,0 мың теңге- Шу қаласындағы теміржолшылар саябағын абаттандыруға игерілді.

Сұхбат

PhotoRoom