Назарбаев Алматы облысында ауылшаруашылық саласын сынады

Жаңалықтар
19.08.2014, 13:58

Елбасы Алматы облысындағы жұмыс сапарын ауылшаруашылығы мамандарымен кездесуден бастады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев: "Аграрлық сала қажетті ресурстың бәріне ие болса да, өңірді өз азық-түлігімен қамтамасыз ете алмауда" деді. Мемлекет басшысының айтуынша, ауылшаруашылығы саласында инновациялар мүлде қолданылмайды. Жұмыстың бәрі өткен ғасырдың технологиясының арқасында ғана атқарылып келеді.

"Егер мәселе жерге қатысты туындап отырса, онда ревизиялық тексерік жүргізіп, кім пайдаланбай отырғанын анықтау қажет", деді Назарбаев.

Сұхбат

PhotoRoom