Меркі ауданында 1419 адам жұмыспен қамтылды

Аймақ
29.11.2016, 01:42

Есепті кезеңде жұмыспен қамту бөліміне 1788 адам қайырылып, 1419 адам жұмыспен қамтылды. Тіркелген ресми жұмыссыздардың саны 282 адам. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Мейірхан Азатұлы баяндады.

Статистикалық мәліметі бойынша 2015 жылдың қортындысымен ауданда жұмыссыз халық саны 1887 адам экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 45965 адам  жұмыссыздық деңгейі - 4,1 %.

Есепті кезеңде "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасының  I - бағыты бойынша аудандағы 4 нысананың күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 448,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, ашылған уақытша жұмыс орнына 76 адам жіберілді.

II - бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ-ы арқылы 96 азаматқа жеке кәсіпкерлікпен айналасуға және өз ісін ұлғайтуға жалпы соммасы 398.5 млн. теңге қаржы бөлінді. Есепті кезеңде 89 азаматқа жалпы соммасы 322.8 млн. теңге көлемінде несие берілді.

III - бағыты бойынша есепті кезеңде жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген адамдарға қоғамдық ақылы жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 200 жұмыссызға 36,1 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері қоғамдық ақылы жұмысқа 258 жұмыссыз тартылып, оларға 25,8 млн. теңге төленді.

2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 21,2 млн. теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 21,6 млн. теңге бөлінді.  Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 144 адам, жастар тәжірибесіне 107 адам жіберіліп, оларға 35,5 млн. теңге төленді, - деп хабарлады аудан басшысы

Сұхбат

PhotoRoom