Республикалық әскери-патриоттық ойындардан Жамбылдықтар I орын иеленді

Аймақ
29.11.2016, 02:12

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 23 қарашасында Шымкент қаласында республикалық әскери-патриоттық ойындары өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған іс-шараға 6 облыстан 6 команда, Жамбыл облысынан Жамбыл политехникалық колледжі Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, майор Д. Исақов, А. Татишин, С. Рыжов, Д. Самсонов,  А. Сотников және А. Тавли-оглы атты білімгерлер қатысты.

Ойындардың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы І орынға иеленді.

Сұхбат

PhotoRoom