Жамбыл облысында жұртшылық қала келбетін әуеден тамашалауға мүмкіндік алды

Аймақ
16.12.2016, 02:24

3fb55d57ef47e418dadc904e07063f94_lЖамбыл облысында Тәуелсіздік күніне орай «Достық» алаңында мерекелік шаралар өтті. Өнерпаздар өнерін тамашалаған жұртшылық қала келбетін әуеден тамашалауға мүмкіндік алды. Ол үшін жылу аэростаттары әкелініп, 50 метр биіктікке көтерілді. Талдықорғанда қызықты автошеру ұйымдастырылды. 25 автокөліктің әрқайсысында Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, аймақтық «Көшбасшы-2016» байқауының жеңімпаздары болды. Автошеру Қаратал өзенінің жағасындағы Қабанбай батыр ескертішінен басталып, «Жастар» саябағында мәреге жетті. Тәуелсіздік күніне орай Шымкентте қарт жолаушыларға құрмет көрсетілді. Зейнеткерлер мен ардагерлерге қоғамдық көлік қызметі тегін болды. Бұл үшін жолаушылар тасымалы саласындағы компаниялар 10 автобусты арнайы бөлді.   Атырауда мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Қала маңындағы 34 шаруа қожалығы мен облыстағы көтерме сауда орталықтары өз өнімдерін саудаға шығарды. Баға нарықтағыдан 20 пайызға арзан болды.   Әлемге танымал қазақстандық скрипкашы Ордабек Дүйсен 25 жас скрипкашымен бірге композитор Серік Еркімбековтің «Отан таңы» шығармасын орындады. Ертіс өңіріне алғаш келген Ордабек Дүйсен жас скрипкашыларының өнеріне тәнті болды. Халықаралық байқаулардың лауреаты қазіргі таңда АҚШ, Австрия және өзге елдерде еңбек етеді.

Ақпарат көзі: khabar.kz

Сұхбат

PhotoRoom