Депутаттар ҚР Мәжілісінің жалпы отырысы кезінде Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қанағаттандырды

Жаңалықтар
28.12.2016, 10:43

1Бүгін депутаттар ҚР Мәжілісінің жалпы отырысы кезінде Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қанағаттандырып, Тінікеевтің депутаттық өкілеттік мерзімін тоқтатуға дауыс берді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Бәкірұлы Тінікеевтің орнынан түсуіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындады деп белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

ОСК төрағасының міндетін уақытша атқарушы Владимир Фоос", - деп оқыды ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев отырыс барысында.

Кеше Мұхтар Тінікеев өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген болатын. Кейін Қазақстан Парламентінің ресми сайты Желіде даулы видео пайда болғаннан кейін өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген депутат Мұхтар Тінікеевтің мәлімдемесінің мәтінін жариялады.

Еске салайық, таяуда Мұхтар Тінікеев жайлы даулы видео Желіде жария болған еді. 20 желтоқсанда таралған видеода Мәжіліс депутаты басқа бір депутатпен дөрекі сөйлесіп, шапалақпен ұрады. Роликте былапыт сөздер айтылады.

Тінікеевтің өзі бастапқыда бұл видеоның екі жыл бұрын әзіл екенін мәлімдеген, алайда Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның 2016 жылдың желтоқсан айының ортасында болғанын анықтады.

Кейін Мұхтар Тінікеевтің жүрегі сыр беріп, аурухаға түскен болатын.

"Сайгез-ақпарат"

Сұхбат

PhotoRoom