Шымкентте коррекциялық балабақшалар ғимараты салынады

Аймақ
01.06.2017, 22:43

Шымкент қаласында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен 110 орындық қос бөбекжай-балабақша ғимараты құрылысының капсуласын салу рәсімі өтті. “Отау Групп” мердігер мекемесі аталмыш ғимараттарды бір жыл мерзімінде пайдалануға бермек.

 

Қазіргі таңда Шымкент қаласында мектепке дейінгі 385 мекеме жұмыс істеуде. Оның ішінде 7 арнаулы (коррекциялық) бөбекжай-балабақша бар. Құрылысы бастау алған ғимарат №17 «Достық» тірек-қимыл функциялары бұзылған және №37 «Айгерім» психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған балабақшалар үшін салынбақ.

Сұхбат

PhotoRoom