ОҚО-да үздік оқушылар ЭКСПО-ға аттанды

Аймақ
11.08.2017, 18:11

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен өз қатарлары арасынан үздік оқуымен көзге түскен 153 оқушы Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне аттанды.54850b08ed0b019d42f1dfc4b738fde9_XL

Елордаға жол тартқан топ ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар мен көп балалы отбасылардан шыққан балалардан құралған. Оқушыларды Шымкент теміржол вокзалынан шығарып салған туыстары жасөспірімдердің үш күндік сапарына сәттілік тіледі

Аудан әкімі аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, балаларға аудандық әкімдіктен және білім бөлімінен жауапты тұлғалар бекітілген. Сондай-ақ, жергілікті 8 мұғалім мен 3 дәрігер  оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың демалысын лайықты өткізуге септесетін болады.

Алдын-ала келісілген жоспар бойынша бүгін Астанаға жеткен оқушылар ЭКСПО қалашығында салынған жатақханаларға орналасады. Ал, оларды ыстық аспен қамтамасыз ету ұйымдастырушылар тарапынан оңтайлы шешілген.

Астанада екі тәулік болатын оқушылар бірінші күні «ЭКСПО» көрмесін, екінші күні Елорданың көрікті орындарын аралайды деп күтілуде.

Жалпы, бұған дейін EXPO-2017 халықаралық көрмесін тамашалау бақыты төлебилік 27 оқушыға бұйырыпты.

Айта кетейік, бүгінгі дейін халықаралық көрмені тамашалау үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан және білімі мен өнегелі тәрбиесі үшін оқушыларға мемлекет және демеушілер есебінен 3750 оқушыға жолдама берілген болса, бүгінгі таңда олардың барлығы дерлік Елордамызға барып, мәдени шараны көзбен көріп қайтты.

Сұхбат

PhotoRoom