Оңтүстікте ЭКСПО көрмесіне арналған кино түсірілуде

Аймақ
07.08.2017, 13:17

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі әлем павильондарымен қатар, Қазақстан облыстарының мәдениет күндері шараларымен де кереметін асыруда. Әр өңір өлке тарихынан хабар беретін бейнероликтер мен жыр-аңыздар, концерттік бағдарламалар ұсынуда. Тарихи-географиялық, дәстүрлі ерекшелік те ескерілусіз қалып жатқан жоқ. Ата салты мен қазақы қаймағы бұзылмаған Оңтүстіктің де бұл жобада белсенділігі жоғары. «Қасым ханның қасқа жолы». «Есімханның ескі жолы». Әз Тәукенің 7 жарғысы.1499235184_article_b_1500_

Қой аузынан шөп алмас, жуас халықтың құқықтық сауаттылығын арттырған ұлы даланың жазылмаған заңдары... Нұрсұлтанның «Нұрлы жолына» ұласты. Облыстық филармония ұжымы ЭКСПО-ға келгендер «тарихтан тағылым түйсін», - деп, «Нұрлы жол» шығармасын әзірледі. 2 бөлімдік композицияның нотасы да жұп-жұмыр. Музыканттар орындауға сақадай сай.

Шәмші, Шымкент. Егіз ұғым... ХХІ ғасырдағы қазақ киносы мен мультфильмі дегенде «Сақ» атауы жадыға оралады. Халықаралық көрме төрінде қазақ фильмінің жауһарлары, «Сақ» киностудиясының төл туындылары да көпке көрсетіледі. «Қошқар мен Теке» секілді бірқатар мультфильмдер қазақтың салтын, дәстүр қалпын, негізгі ұлттық кодын паш етпек.

«Жетіген» - экшн жанрындағы кинотуынды. Шытырман оқиға барысында оңтүстіктің тарихи, киелі мекендері насихатталады. Бұл – туристерді Қазақстанға тартудың мол мүмкіндігі.

 

Сұхбат

PhotoRoom