Шымкентте ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

Аймақ
29.08.2017, 13:39

Шымкент қаласының мектептері жаңа оқу жылына тас-түйін дайын. Бірінші сынып табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер алғаш рет электронды түрде қабылданып, ата-аналар үшін оңтайлы жағдай жасалған. Бұл туралы бүгін шаһар ұстаздарының тамыз кеңесінде қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Алқалы мәжілісте өткен оқу жылындағы кемшіліктер айтылып, алдағы жоспарлар сараланды. Бұл туралы shymkenttv.kz сайты жазады.Шымкент мұғалімдерінің тамыз кеңесі өтті

Бұл жолғы кеңес жылдағыдан өзгерек... Оның негізі – Елбасы мақаласында екшелген міндеттерге байланысты. Жаңа форматтағы оқу үрдісі, оқушыларды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу – маңызды меже. Жиында ұлттық тәрбие мен құндылық, рухани жаңғыруды жетекшілікке алу қажеттігі сөз болды.

Биыл қала мектептері 242 мыңнан астам оқушыға есігін айқара ашады. 2,5,7 сынып оқушылары үшін баспаханалар арқылы тиісті оқулықтар алынып қойған. Барлық сынып оқушылары үшін оқу дәптерлер мен кітаптар 100 пайыз жеткізілген. Мұғалімдерді арнайы курстардан өткізіп, біліктіліктерін арттыру жұмыстары да жүйелі.konfer-1

Жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар ұстаздың еңбегі жанды. Қала әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Тағы 10 шақтысы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазы және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталды.

Жиында сөз алғандар шымқала оқушылары білімінің есеп-қисапқа келгенде төмен екенін айтып, сынады. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың шет елдерде тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау жайы да айтылды. Ерте жүктілік, суицид сынды  қоғам дертімен күресте тәжірибелі психологтардың жетіспейтіні айтылып, олқылықтың орнын толтыру жақтары қарастырылатыны сөз болды.

Сұхбат

PhotoRoom