Шымкент қаласында жол құрылысы қарқын алуда

Аймақ
20.09.2017, 22:17

Биыл Шымкент қаласының 284 ішкі орамдық көше жолдарында ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, асфальтты-бетонды төсенішпен қамтылған қала жолдарының үлесі 52,2 пайызға артса, шағал тас төсеніштерінің үлесі 41, 8 пайызды құрады. Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте баяндама жасаған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев мәлім етті.1505896847

Баяндамашының айтуынша, қазіргі таңда қала инфрақұрылымын дамыту  бағдарламасының аясында 17 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл қатарда 4 жол айырығы мен 42 ішкі орамдық көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары,  7 магистральді көше жолының және 2 көпірдің құрылысы жүргізілмек.

 Жиынды қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

Сұхбат

PhotoRoom