Шымкентте 58 нысан мемлекет меншігіне алынды

Аймақ
20.09.2017, 22:19

Биыл Шымкент қаласында 42 әлеуметтік нысан ғимараты пайдалануға берілген. Сондай-ақ, 3 нысан жеке меншік иелігіне өтіп, нәтижесінде, қала бюджеті 134 миллион теңгеге толықтырылған. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық меншікті тиімді пайдалану жайы кеңінен талқыланды.

???????????

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Кенжебек Жанбосыновтың айтуынша, бүгінде қала аумағында 280 коммуналдық заңды нысан бар. Тек биылдың өзінде 58 коммуналдық нысан мемлекет меншігі ретінде қабылданған.

Жиында қала әкімі бұл саладағы жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді. Әсіресе, сала мамандарына Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарынан қала аумағына жаңадан қосылған елді мекендеріндегі ауыз су жүйесі мемлекет меншігіне алуды қатаң түрде тапсырды.

– Сайрам ауданынан қосылған елді мекендер аумағында әлі күнге 34 нысан мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Бұл саладағы жұмыстарға бей-жайлық қарекет танытқаны үшін жауапты сала мамандарына арнайы шара көрілуі тиіс, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Сондай-ақ, жиында қала әкімі тұрғындарды коммуналдық қызметпен қамтып отырған монополистердің қамсыз тірлігін сынға алды.

– Қандай да бір қажеттілікпен асфальт орнын шұңқырға айналдырған жауапты мекемелер жол қауіпсіздігін сақтау үшін жарқырауық шамдар қызметін пайдаланып, ескерту белгілерін орнатсын және қазылған орынды дер кезінде қайта қалпына келтіретіндей болсын. Егер де аталмыш жұмыстар сапасыз орындалар болса, қатаң шара қолданылады, – деді жиынды қорытындылаған қала әкімі.

Сұхбат

PhotoRoom