Оңтүстік жастары «Ауылдағы бір күнім» жобасы аясында сайысқа түсті

Аймақ
30.09.2017, 22:37

Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Салт-дәстүр ұлттық рухтың негізі» тақырыбы аясында облыс жастарының «Ауылдағы бір күнім» реалити байқауы өтті.22007872_486265225091889_718897212658642500_n

Бес командаға біріккен оңтүстікқазақстандық жастар ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашалық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өзара сынға түсті. Сайыста ер жігіттер мал сойып, атты ерттеп, отын жарып, самаурын қойып, қой жүнін қырқудан сайысса, бойжеткендер нан жабу, түйе сауу, күбі пісу, құрт жасау, бауырсақ пісіру секілді сындардан өтті.22046501_486265241758554_4198454474171233113_n

Сайысқа қатысушылардың өнерін бағамдаған қазылар алқасының шешімімен жобаға қатысуда айрықша белсенділігі үшін «Алаш» тобы ынталандыру сыйлығына ие болса, үшінші орын «Қазақ жастары» командасына бұйырды. «Ай медет» тобы екінші орын алса, «Самұрық» тобы жүлделі бірінші орынды алды. Жобаның бас бәйгесі – Отырар ауданы әкімдігінің арнайы жүлдесі «Сарыжайлау» тобына бұйырды. 22008256_485978175120594_8638579595709844994_n

Аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш мұндай шаралардың тқрақты жалғасатынын мәлімдеп, облыстық «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе жұмыс істейтінін айтты. Сайысқа белсене қатысқан жастарға алғысын білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom