Жылу маусымына дайындық кесте бойынша жүруде

Аймақ
07.10.2017, 01:12

Шымкентте мол мөлшерде түскен жауын-шашын қала тұрғындарын айтарлықтай әбігерге түсіруде. Осы орайда, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру дайындығын пысықтауда.

– Жылу беру маусымына дайындық кесте бойынша жүріп жатыр, – дейді бөлім басшысы Нұрлан Бектұрсынов, – Барлық бюджеттік ұйымдар қазіргі таңда жылу қабылдауға дайын. Жергілікті қазандықтарға арналған отын қорлары толығымен қамтамасыз етілген. Ал тұрғын үй қорының 93 пайызы жылу қабылдауға дайын. 1507091743

Қазіргі уақытта облыс орталығының орталықтандырылған жылу жүйесі қажетті сумен толтырылуда. Әдетте, жылыту маусымы бес күн бойы ауа райының орташа температурасы 8 градустан жоғарыламаған жағдайда толық іске қосылмақ.

Жылыту маусымында дайындық кезеңдерін атқару "ҚуатЖылуОрталық-3" МКМ-не тиесілі. Ал жылумен негізгі жабдықтаушы – «Энергоорталық-3» АҚ-ы. Аталмыш мекеменің қарауындағы қаланы толық жылумен қамтып отырған бес қазандық қазіргі таңда іске қосуға әзір.

Сұхбат

PhotoRoom