ШЫМКЕНТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІШЫМКЕНТТЕ ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Аймақ
11.10.2017, 22:02

Ал Оңтүстікте қымбатшылыққа қарсы іс-шаралар басталды деуге болады. Өңірде отандық өнім өндірушілер өз тауарларын арзан бағамен саудалауға кірісті. Осылайша «Дүниежүзілік отандық өнім» атаулы күнін ұмыт қалдырмаған облыстық кәсіпкерлік палатасы өзгелерге үлгі көрсетті. Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпкерлер өз өнімдерін арзан бағада саудалауға қарсы емес. Керек десеңіз, ай сайын зауыт бағасында тауарларын босатуға әзір. Бұл туралы otyrar.kz сайты жазады.vystavka

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған шараға бас-аяғы 50 жергілікті тауар өндірушінің өнімдері ұсынылды. Олардың арасында белді кәсіпорындар мен өз ісін жаңадан бастап жатқан компания өнімдері де бар. Мұнда тоқыма өнімдерінен бастап ауыл шаруашылығы тауарларының түр-түрі бар. Бұл бастама, әсіресе, өзімізде өндіріліп жатқан жаңа өнімдерді насихаттауға септігі мол болды.

Ұйымдастырушылар мамыр айында екі күндік жәрмеңке өткізген. Бұл жолғы шара да көпшіліктің сұрауы бойынша ұйыстырылып отыр. Осылайша халықты өз өнімдерімізді тұтынуға үйретеміз дейді бастамашылар.

Ұйымдастырушылар отандық бизнес өкілдерін қолдау мақсатында жәрмеңкені ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. Егер халық сұранысы артса, мұндай шараларды жиі ұйымдастыруға әзірміз дейді.

Сұхбат

PhotoRoom