Көшелерге жаңа атау беріледі

Аймақ
20.11.2017, 22:16

Шымкентте шағынаудандар мен көшелердің атауы өзгереді. Осыған орай, 24 қарашада көшелерге жаңа атау беру және өзгерту бойынша тұрғындар арасында қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Қазіргі таңда, Шымкентте атауы жоқ 400 көше бар. Бұл медициналық және өзге де қызмет көрсеткенде қиындық туғызатындықтан  күрделі мәселені шешу бірнеше жылдан бері  көтеріліп келеді.  Оның үстіне, қалада жаңадан қосылған жеке үйлер мен жаңа шағынаудандардың атауы қойылмаған.  Билік бұл жағдайды 2020 жылға дейін шешу қажеттігін атап өтті.1511175429

Шағынаудандарға және көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау Әл-Фараби аудандық әкімдігінде сағат 10.00 басталады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі 49.

Сұхбат

PhotoRoom