Шымкент болашақта «Smart city» мәртебесін иеленбек

Аймақ
24.11.2017, 00:00

Шаһар өмірін оңтайландыру мақсатында Шымкент қаласы «Smart-City» - «Ақылды қала» жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады. Еліміздің үшінші мегаполисіне талпынып отырған Шымкент қаласын басқаруда бұл жүйе тиімді тәсіл болмақ. Қазірдің өзінде жергілікті полиция жұмысын жүйелендіру мен білім саласында жаңалықтар енгізу бойынша біршама смарт жүйелер жүзеге асырылды. Мәселен, былтырғы оқу жылында қаладағы 29 мектепте электронды журнал қолданысқа енгізілді. Оушылардың сабаққа қатысуын және үлгерімін жоғарлату мақсатында енгізілген электронды бақылау жүйесінің нәтижесінде, оқушылардың үлгерімі өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға өскен. Ал, аталған мектептерде сабаққа қатыспау және құқықбұзушылық фактілері жойылған. Сондай-ақ, мұғалімдердің сабақ өткізбеу фактілері де орын алмаған.1456465293

Сонымен қоса адами фактор мен сыбайластық әрекетті болдырмау мақсатында балғындарды балабақша мен 1-сыныпқа электронды түрде қабылдау жобасы енгізілді. Мысалы, жобамен сәбиін балабақшаға қабылдау туралы өтінішті электронды түрде 58 мыңға жуық ата-ана берген. Оларға берілген жолдама саны – 9611 болса, ал балабақшаға орналасқан  баланың саны 7972-ге жетіп отыр.

Жоба туралы айтар болсақ, сайтты ашқан ата-аналар перзенттерін бергісі келетін балабақша туралы барлық мәліметпен таныса отырып, топтардағы бос орындар мен өз кезегінің жылжуын анықтауға болады. Сондай-ақ, өтініш беруші кезегі келгені туралы тегін СМС-хабарлама алады.

Бұдан бөлек, қалада жұмысқа қабылдаудың t-hunter бағдарламасы енгізілді.   Осы арқылы шымкенттік мұғалімдер жұмысқа электронды түрде қабылданып жатыр. Білім беру саласына енгізілген тың жаңалық қала әкімінің ұйытқы болуымен қолға алынған.

Қазір миллионға тарта тұрғыны бар қалада ұстаздар үйінде отырып электронды түрде жұмыс тауып, орналасуда. Ал әрбір мекеме бос жұмыс орындары туралы мәліметті үш күн ішінде сайтқа салуы керек. «Мекеме бос орын жариялаған соң, сайтқа мамандығы сәйкес келетін тұлға құжаттарын электронды түрде жібереді. Сайтта қандай құжаттар сұрағанын суретке түсіріп немесе сканерлеп электронды түрде жолдайды. Ұялы телефон нөмірін көрсетеді. Сол ұялы телефонына смс хабарлама келіп түседі. Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді тәсілі болатын бұл жобаны облыс әкімі Ж.Түймебаевта қолдап,  мектеп директорларын тағайындауда Шымкент қаласында қолданылып отырған тәжiрибенi өзге аудандарға ендiру қажеттігін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom