Қаланың аулалары ретке келтіріліп, су құбырлары жөндеуден өтті

Аймақ
27.11.2017, 02:05

Қаланың аулалары ретке келтіріліп, су құбырлары жөндеуден өтті.

DSC 7484

Қазір шаһардағы қазылған көшелер жөндеуден өтуде. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесіндегі су құбырларын жөндеу жұмыстарынан кейін қазылған көше қайта қалпына келді. Сонымен қатар, Б.Әлімбеков, К.Цеткин, Қапал батыр, С.Рахмани көшелері ретке келтірілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері қаладағы «Жиделі», «Ақниет», «Жайлау» шағынаудандарының көшелері мен мектептердің кіреберістері, жалпы 7,471 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен.

Сұхбат

PhotoRoom