Шымкенттік жастар ең табысты кәсіпкерлермен кездесті

Аймақ
27.11.2017, 23:58

Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Туған жерді түлеткен азаматтар» жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу болып өтті.

Басқосудың  басты мақсаты - отандық өнімді қолдап, насихаттау, оны өндіретін еңбек адамдарын дәріптеп, жастарға кәсіптік бағдар беру. Осы жолда облыс экономикасына өлшеусіз үлес қосып отырған «Назар текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары жас буынмен кездесті. Жиналғандар кәсіпкерліктің қыр-сыры туралы емін-еркін сұхбаттасты. Табыс табу тұрғысында ой-пікірлерімен алмасты.

Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерліктің аясы кеңейіп, қарқынды дамып келеді. Осы топта «Назар текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің рөлі орасан. Өндіріс орны «Қазақтың төл өнімі» деп мақтануға тұратын түрлі кілемдер тоқиды. Жетістігі де жетерлік.

Бүгінде өнеркәсіп орнында кілемнің жүзден астам түрі шығады. Бәсекеге қабілетті тоқыма фабрикасының тоқтаусыз жұмыс істеуінің арқасында бүгінге дейін  5 миллион шаршы метр кілем тоқылған. Олар сапасы жағынан әлем мойындаған шетелдік өнімдерден кем түспейді. Қысқасы, кітапханадағы кездесудің көпшілік үшін пайдасы көп болды. Жиналғандар  кәсіпкерлік жөнінде көп мағлұматтар алып, ой түйіндеді.

Сұхбат

PhotoRoom