Шымкентте құқық саласының шәкірттері бақ сынады

Аймақ
28.11.2017, 00:01

Шымкентте құқық саласының шәкірттері бақ сынады. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада Елбасының 3-ші жаңғыру-жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолдауы аясында өткізіліп отыр. «Құқықтық мемлекет құрудағы қылмыстық заңнаманың өзектілігі», - тақырыбымен өткен сайысқа республикамыздың бірнеше аймағынан 8 команда қатысты.

Заң саласының шәкірттері арасында өрбіген сайыста студенттер өзінің теорияда алған білімдерін практика жүзінде көрсетіп бақты. Викториналық сұрақтар, ой тапқырлығы мен іске жүйріктігі де анық аңғарылды.

Нұрлан Бижан – Аймақтық әлеуметтік-инниовациялық университеті құқықтану кафедрасының меңгерушісі

-Сайысқа Алматы, Астана, Қызылорданадан және мынау Түркістан қаласы мен өз оқу орындарамыздың студенттері командалық түрде қатысып жатыр. Бұл жерді Елбасымыз айтқандай, балаға білім мен тәрбиені қатар беру бағытын қолға алып отырмыз. Міне осынының негізінде қолға алынған шара.

Айтулы жиында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы сотының төрағасы білімгерлерге өз кеңесін берді. Елімізде қолға алынған жаңа жобалардың тиімділігіне тоқталып, жастарды білік маман болуға шақырды.

Айдос Сұлтанов – Еңбекші аудандық сотының төрағасы

-Медиация қос тарапты бітімгерлікке шақырады. Сондықтан да ел азаматтарының тату-тәтті өмір сүруі үшін біз осы медиацияны дамытуымыз қажет.

Бірнеше кезеңнен тұрған сайыста студенттер сот шешімдерінің дұрыс- бұрыстығын саралады. Қорытындысында 3-ші орынды «Әділет» және «Заңгер» командалары бөлісті. 2-орынды «Сақшылар» командасы жеңіп алды. 1-орынға Аймақтық әлеуметтік университеттің «Жеті жарғы» командасы лайық деп табылды. Бас жүлдені астаналық команда иеленді.

Сағидулла Сакенов - Л.Н.ГУМИЛЕВ атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті 

Сайыс жоғары деңгейде өтті. Өзіміз бас жүлдеге лайық екенімзіді дәлелдеді. Шымкент бізді қонақжайлығымен күтіп алды. Енді келер жылы өтер болса, осы бас жүлдені тағы да алсақ деген ойдамыз. 

Айтып өтейік,  елімізде құқық пәні бойынша жыл сайын түрлі сайыстар өткізіледі. Ал, Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сайыс қорытындысына сай, үздік деп танылған командалар арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom