«Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті

Аймақ
29.11.2017, 22:49

Шымкент қаласында «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен шара 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған.9854

Форумға облыс басшылығы, облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен облыстық ассамблея жанындағы құрылымдар жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты.

Форумның басты мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балғындарға көмектесу. 2016 жылы ассамблеяның ұйытқы болуымен түрлі қайырымдылық іс-шара нәтижесінде  27 мыңнан астам адамға 85 миллион теңге көмек көрсетілген.

Ал биыл қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін өңірімізде 400-ге жуық қайырымдылық шарадан  30 млн теңгеден асатын көмек көрсетілген. Бұл күні түскен қаржы ауыр дертке шалдыққан 5 бүлдіршінді емдеуге жұмсалмақ.

Облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов өзінің жеке қаржысынан 1 миллион теңге салды.

Сұхбат

PhotoRoom